Фитна болып кетті(Ахилар назарына…)

Көп адамдар аяқты шалып кетті,
Күдікті ойды жүрекке салып кетті,
Тыныш жатқан қаймана қазағымның,
Берекесін біреулер қағып кетті.

Іріткіні жаңбырша төгіп кетті,
Аға іні арасын бөліп кетті,
Халқым деумен күн кешкен азаматтың,
Барлығын да түгендеп сөгіп кетті.
Read the rest of this entry »

Пікіріңізді қалдырыңыз

Алдаспанның жарқылы

Бұрын қолым қаламмен дос еді. Қазіргі жан жолдасым клавиятура! Жүректен шыққан сөздерім, саусақтарымның қатысуымен Микрософт уордқа(бұрын ақ парақ деуші едік:)) түсіп жүргеніне де біршама уақыт болып қалды. Менің пайымдауым бойынша гәзетке жазған мақала мен блогка жазған посттың(оразаны жазбайтынымыз белгілі) айырмасы жерменен көктей екен! Блогқа мақала яғни пост жазу үшін шегеленген шарттар мен, шимақы шекаралардың болмағаны дұрыс-ақ екен. Ендігі жерде мен де блоги заңға бағына отырып қызықты, маңызы бар әңгімелер, жастарды оятар сөздер, астары ақиқатқа толы әзілдер жазып Алдаспанның жарқылын көрсетпекпін!

Пікіріңізді қалдырыңыз

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.